Shejire

Бүркіт-би

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бүркіт-би — халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Орташа екпінді. Дабылдың сүйемелдеуімен орындалады. Негізінен, Моңғолияда тұратын қазақтар арасында кең тараған. “Бүркіт-би”, “Жорға аю” секілді халық билерін 1956 жылы Баян Өлгий аймағында ұлттық музыкалық драма театры ашылғанда өнер мамандары алғаш жазып алып, зерттеп, сахнаға шығара бастады. “Бүркіт-би” қыран бүркіт пен бүркітшінің қимыл-әрекетін бейнелейді. 1970 жылы жергілікті композитор Мұсайф Құсайынұлы ақын Ақтан Бәбиұлының “Бүркіт” поэмасы бойынша Бүркіт-би Лхамсүрэннің либреттосы негізінде 3 актілі, 6 суретті “Бүркіт” балетін жазды. Онда “Бүркіт-би” элементтері кеңінен пайдаланылған. Баян Өлгий музыкалық драма театры сахнасында қойылған бұл алғашқы балет ұлттық ән-күйлердің өзегін, бояуын сақтай отырып, оны жаңа нақыш-өрнектермен байытқан тартымды туынды.

Дереккөздер