Бұралқының тұзы
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Бұралқының тұзы – Жамбыл облысы Сарысу ауданы Андағұл төбесінің батысындағы сор. Бетпақдала жазығының оңт-нде, Шу өз-нің аңғарында орналасқан. Теңіз деңгейінен 211 м биіктікте жатыр. Сор батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 11 км, енді жері 4 – 5 км-ге созылып жатыр. Б. т-ның солт., шығыс, оңт. жағалаулары ойысты, тілімденген. Батыс бөлігі тегіс жазықты келген.