Shejire

Ботайтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Ботайтөбе – ежелгі қаланың орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы Шәуілдір ауылының солтүстік-батыс жағындағы Қоғам қыстағынан 2 км, ежелгі Алтынтөбе орнынан оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде.

Сипаты

1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген. Сыртқы көрінісі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан (ұзындығы 50 м, ені 30 м, биіктігі 4,2 м, төбесінің көлемі 30х15 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Қаланың орталық қорғанына жүргізілген қазба жұмыстары барысында, төменгі және жоғары мәдени қабаттарынан тұрақжайлар орны ашылды. Алынған қыш ыдыстардың жасалу тәсілдері мен пішімдеріне қарағанда, қала тіршілігі бір-біріне жақын екі кезеңге жататындығы анықталды. Астыңғы мәдени қабаттан алынған ыдыстар Ботайтөбенің көрші жатқан Қостөбе, Шаушықұмтөбе сияқты IV-VI ғасырларда болғанын көрсетсе, үстіңгі мәдени қабаттан алынған көзелер ежелгі Көкмардан қаласы жұртымен (VII-VIII ғасырлар) мезгілдес екеніне дәлел бола алады.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
ІV-VІ ғасырлар
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°48′42″ с. е. 68°13′48″ ш. б. / 42.81167° с. е. 68.23000° ш. б. / 42.81167; 68.23000 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы Отырар ауданы