Shejire

Борис Георгиевич Герасимов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Фотография русского учёного-этнографа Бориса Георгиевича Герасимова (1872-1938) // Photo Russian ethnographer Boris Georgievich Gerasimov (1872-1938)
неизвестен // unknown · Public domain

Борис Георгиевич Герасимов (желтоқсан 1872, Өскемен – 1 қаңтар 1938, Семей) - этнограф, Қазақстанды зерттеуші, өлкетанушы, Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің негізін қалаушы (1902).

Өмірбаяны

Санкт-Петербургтен Сібірге жер аударылған төменгі шенді орыс әскери кісінің ұлы. Томбы діни семинариясын бітіргеннен кейін үйленіп, Томбы губерниясының Змейногородск уезіндегі Глубоковское ауылында діни қызметкер болып тағайындалды. 1901 жылы оны шіркеу басшылығы Семейдегі жаңа Әулие Николай соборына жіберді, сонда ол этнография мен археологияға қызығушылық танытты. 1905 жылдан бастап, шіркеуде қызмет етумен қатар, жергілікті мұғалімдер семинариясында сабақ берді. 1922 жылы желтоқсанда оған контрреволюциялық қастандық жасады деген айып тағылды, бірақ 1925 жылы ғана барлық ғылыми және қоғамдық орындардан шеттетілді; 1931 жылы оның қарауындағы шіркеуді кеңес өкіметі тартып алды. 1937 жылы 28 тамызда «шіркеу қызметкерлерінің тыңшылық ұйымын» құрды деген айыппен қамауға алынды. Ешқандай жалған мәлімдемеге қол қойған жоқ. 1937 жылы 19 қарашада ату жазасына кесілді. Үкім 1937 жылдың 31 желтоқсанынан 1938 жылдың 1 қаңтарында Жаңа жыл қарсаңында орындалды. Ақталған.

Отбасы мен әуестенуі

Оның үш ұлы (оның екеуі «ақтар» жағында азаматтық соғыста қайтыс болды) және екі қызы (кейінірек екеуі де баласыз болды) болды. Борис Георгиевичтің туған әпкесі болған, Елизавета Георгиевна Герасимова (тұрмысқа шыққан соң - Антонова). Оның үш қызы және үш ұлы болды. Өз бетімен төрт тілді үйренді: латын, грек, француз және ағылшын. Өнерді жақсы көретін. Гитарада ойнайтын. Екі мыңнан астам өлкетанулық еңбек жазды, Федор Михайлович Достоевскийдің Семейдегі өмірі туралы өмірбаяндық материал жинады, оны «Сібір мұрағаты» және «Сібір шамдары» (1913-1927) журналдарында жариялады. 1925 жылы өзінің жеке кітапханасын Ресей географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне сыйға тартты. Қазіргі уақытта тұқымын әпкесі Елизаветаның желісі бойынша жалғасуда. Елизаветаның қызы — Мария Николаевна Орлова - математика пәнінің мұғалімі. Елизаветаның немерелері — Людмила Бочкова (педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент) және Наталья Бочкова (музыка мұғалімі). Елизаветаның шөбересі - Ани Моне.

Марапаттары

1912 жылы орыс қоныс аударушыларының аймақты қоныстандырғаны туралы «Бұқтырма аңғарында» очеркі үшін Ресей географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталды, сонымен қатар 1925 жылы 5 маусымда көптеген өлкетану ізденістері үшін алтын медалмен марапатталды.

Герасимов өзі туралы

— қызына жазған хатында

Шығармалары мен жазбалары

Ода, өлеңдер (1902—1936). Ғылыми еңбектер жинағы (1903—1918). «Семей облысының жер аударылған поляктары» (1918). «Бұқтырма аңғарында». «Рахман қайнарына сапар» «Семей облысының шығыс бөлігіндегі омарта шаруашылығы туралы ескертпелер» «Ф.М.Достоевскийдің неке құжаттары» «Алтайдағы рационалды омарта шаруашылығы туралы» «Семей облысындағы ескі шіркеулер» «Көкпекті округіндегі алғашқы отырықшы тұрғындары». «Семей облысының жеке мұражайлары» «1916 жылғы Семей губерниясы қазақтарының көтерілісі» «Батыс Алтайдың етегінде жиналған ертегілер» (1922—1923) «Өскемен народоволецтерін еске алу» қолжазбаларынан үзінділер (1926), Баяндамалар мен дәрістердің тізімі, ғылыми және өлкетану мақалалары мен жазбаларының тізімі (1929—1930).

Кітапнама

С. Е. Черных «Летописец края», «Его стихия — краеведение» (1973—1974). Письма Б. Г. Герасимову: М.Янишевского (1901—1918), В. В. Сапожникова (1901—1924), А. И. Линькова (1912—1914), В. А. Обручева (1913—1927), В.Семенова, Е.Шмурло, А.Седельникова (1914—1917), А. Н. Федорова (1907). Фотографии Б. Г. Герасимова: индивидуальные и в группах с друзьями, сотрудниками Семипалатинского музея (1894—1928), родственниками (1895—1927). Фотографии А. Ф. Фигуровского, Е.Пушкарева, В. В. Плешкова, С.Гедина, В. О. Костюрина (1891—1929). Портреты: Г. Н. Потанина (1918), П. Д. Боборыкина, А. Н. Серова, Н. М. Мартьянова, Е. Л. Зубашева, А. И. Макушиша (уақытсыз).

Сілтеме

Борис Георгиевич Герасимов Мұрағатталған 16 мамырдың 2021 жылы. Яков Кротовтың кітапханасында Борис Георгиевич Герасимов(қолжетпейтін сілтеме) Шығыс Қазақстан облысы мұрағатында Борис Георгиевич Герасимов «Шығыс Қазақстан облысы әкімі» ресми сайтында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының жеке қорлары

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Борис Георгиевич Герасимов
Туған жері
Өскемен, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы, Ресей империясы
Туған күні
желтоқсан 1872
Азаматтығы
Ресей империясы  КСРО
Альма-матер
Томбы діни семинариясы
Ғылыми аясы
тарих, этнография
Несімен белгілі
өлкетанушы, этнограф
Қайтыс болған жері
Семей, Шығыс Қазақстан облысы, КСРО
Қайтыс болған күні
1 қаңтар 1938 (1938-01-01)