Shejire

Бөкей хан

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бөкей хан (туған жылы белгісіз — 21.5.1815) — Бөкей ордасының ханы (1801 — 15).

Өмірбаяны

Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті. 1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды. 1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы).

Тағы қараңыз

Бөкей әулеті

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Бөкей хан
Діні
Ислам
Әкесі
Нұралы хан
Ізбасары
Шығай хан
Балалары
Әділ сұлтан, Тәуке сұлтан, Жәңгір-Керей хан
Жерленді
Сейіт баба зираты (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы)
Қайтыс болуы
12 мамыр 1815 (1815-05-12)
Дүниеге келуі
белгісіз
Ұлы жүз хандары
Жолбарыс хан • Есім Сәмекеұлы • Әбілфайыз хан