Бледа
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бледа (гр. Βλήδας, лат. Bleda, т.ж. белгісіз - 445 ө.ж.) - Ғұндар тайпаларының көсемі 434—444 жылдары, Еділ қағанның ағасы және бірігіп басқарушысы. Бледа мен Еділдің әкесі Мұнзық - ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де, оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руа (Роас, Руғила) ғұндардың атақты көсемдері болған. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты келешек көсемдер, Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған. 434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда, Бледа Еділден жасы үлкен болған. 441 - 442 жылдары Бледа мен Еділ қағанның басқаруымен византиялық провинция Иллириктің (қазіргі Сербия) бөлігін басып алған ғғ. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтірген. Бұл жағдайдың талқылаулары көп. Сол кездегі оқиғалардың куәгері Проспер Аквитанның хроникасы бойынша 444 жылы Еділ қағанның өзі ағасын өлтірген. 2-й половины VI ғасыр тарихшысы Марцеллин Комит Бледаның өлімін 445 жыл деп белгілейді. Ал «Галлия хроникасы» бұл оқиға 446 жылы болған деп хабарлайды.
Дереккөздер
