Берікбай Сағындықұлы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Берікбай Сағындықұлы (24 мамыр 1939, Ақжар ауылы, Қызылорда облысы — 11 желтоқсан 2023, Алматы) — қазақстандық ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997).
Еңбек жолы
ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факултетін (1962), Мәскеудегі КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1975) бітірген; 1961–72 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы; 1975–79 жылдары «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі; 1979–97 жылдары ҚазМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы; 1997 жылдан профессор. Сағындықұлының 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары бар; Қармақшы ауданының құрметті азаматы (2005).