Shejire

Бек Берді батыр Жүкейұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бек Берді батыр Жүкейұлы – Орта жүз ішінде Керейдің Тұрғақ руы Бүркүт тармағынан тарайды. Керей ханы Тоғрыл ханның ұлы Тайбұға Ұлысының негізін қалаған Тайбұға ханның 17-ші ұрпағы. Берді батыр Абылай сұлтан, Әбілмәмбет сұлтан, Ералы сұлтандардың тұсында қолбасшы, дипломат (елші) болды. 1728 жылы Торғай даласында болған шайқаста жоңғарларға қарсы соғысқан. Жеңіске жеткен қазақ жасақтары оларды сол бетінде Іле өңіріне дейін тықсырып тастайды. Берді батыр туралы орыс деректерінде былай делінген: «1737 г. – Коменданту Орской крепости полковнику Б.Л. Останкову. Я, Абулмамбет-салтан, всемилостивой государыне челом бью, г-ну подполковнику Борису Лукичу челобитье. Какое с нами слово положено, в том и ныне стою; и какие присланы будут от е.и.в. ко мне указы, и те прислать з Бекбердеем. А е.и.в. состою в верности и по ея указам служить готов, и чтоб и к нам посланцы от вас были и посланы были без опасности. К подлинному переводу ахун Мансур Абдрахманов подписался по татарски».

Ұрпақтары

Шежіре бойынша Берді батырдан Баба, Тайшыбек, Ораз, Төртқара, Бесқара, Күбі, Жолдыбай, Жәпек тарайды. Ақмола облысы Көкшетау уезі ауыл кестесі, 1907 жылы Қотыркөл болысында Берді атасынан тараған Төртқарин Саржан Баймырзабұлақ ауылында, Бесқарин Қоймамбай Шоққызыл Баймырза ауылында, Сейтенов Жандос Жөкейкөл ауылында, Сарғазақов Жақан Бесағаш ауылында, Бабин Мұқан ІІ-ші Ұзынқарағай ауылында, Тәжібек (Тайшыбек) Жалмағамбет І-ші Ұзынқарағай ауылында тұрғандары туралы баяндалады.

Дереккөздер

Әдебиеттер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Бек Берді батыр Жүкейұлы
Атағы
Бек
Шайқасы
1728
Мемлекет
Қазақ хандығы
Туған жері
Біржан сал ауданы, Жөкей көлі жағасы
Туған күні
1690 (1690)
Әскер түрі
атты әскер
Қайтыс болған жері
Біржан сал ауданы, Жөкей көлі жағасы
Қайтыс болған күні
1761 (1761)