Shejire

Басыр Хабижанов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Басыр Хабижанов (8 қыркүйек 1930, Атырау облысы Индер ауданы, Қазақстан — 24 қаңтар 1982, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975).

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Семей мемлекеттік медицина институтында (1956—1976, Семей мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1976—1980) қызметтерін атқарған. 1972 жылы «Изучение гетеротрансплантации костной ткани плодов консервированной различными методами в эксперименте и клинике» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Марапаттары

«Еңбек Қызыл Ту» ордені.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

О Б. Х. Хабижанов туралы Семей қаласының Мемлекеттiк Медицина Университетi сайтында Мұрағатталған 24 тамыздың 2011 жылы.

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Басыр Хабижанов
Жұмыс орны
Семей мемлекеттiк медицина академиясы
Туған жері
Атырау облысы Индер ауданы, Қазақстан
Туған күні
8 қыркүйек 1930 (1930-09-08)
Азаматтығы
КСРО, ҚазКСР
Альма-матер
Қазақ ұлттық медицина университеті
Ғылыми аясы
травматология
Марапаттары
«Еңбек Қызыл Ту» ордені
Ғылыми атағы
профессор