Байырқұм
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Байырқұм – ежелгі қала орны.
Орналасқан жері
Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы Байырқұм ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерде, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Зерттелуі
Алғаш 1900 жылы О.А. Руднев зерттеген. 1948-1949 жылдары А.Н. Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмысын жалғастырды.
Сипаты

Қаланың орны тік бұрышты биік алаңға ұқсас. Аумағы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 300 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық. Ол биіктігі 3 м-ге жуық үйме топырақпен қоршалған. Оңтүстік-шығыстағы қабырғаның орта тұсында тік бұрышты 5 мұнараның қалдығы сақталған. Қаланың сырты тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Алаңның ортасына таман цитадель орналасқан. Ол биіктігі 9 м тік бұрышты төбе. Оның іргесінің аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 м. Қамалдың шет-шетінде 8 мұнараның қалдығы бар, биіктігі 1 м үйме топырақпен және ені 10 м-ге жуық ормен қоршалған. Оның солтүстік-батыс және шығыс жағында су хауызының орны анық көрінеді. Жиналған археология материалдарға қарағанда, қала б.з.б. I ғасыр мен б.з. VIII ғасыр аралығында болған.