Shejire

Бахия Атшабарұлы Атшабаров

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бахия Атшабарұлы Атшабаров (1 қараша 1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақұс ауылы – 2010, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Алматы медицина институтын бітірген (1942). 1942–1945 жылдары Отан соғысына қатысқан. 1952–1984 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, директоры болды. Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

ҚазҰМУ-де академик Б. Атшабаров атындағы орталық

Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаровты еске алуға арналған ғылыми-зерттеу орталығы бар. 30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

Еңбектері

Қарқаралы өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бахия Атшабаров Қазақстан ғылымына 160 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 5 ғылыми жаңалық енгізген.

Шығармалары

Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А-А., 1953; Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации, А-А., 1966; Обоснование нового метода измерения давления жидкости в полостях организма, А-А., 1974; Новый метод измерения внутри-черепного давления, А-А., 1974.

Дереккөздер

Сілтемелер

Алматы ақшамы газеті Мұрағатталған 4 мамырдың 2016 жылы.

Soy ağacındaki yeri