Shejire

Баһадүр қаған

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Баһадүр қаған, Күлбагатур, Кюлюг Сыбихан (Күйлік Сібір хан), Кюлюг-Сібір хан, Мохэду, — 630 жылдан 631 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының билеушісі. Дулу тайпаларын басқарған. Тон қағанды тақтан тайдырып, өлтірген. "Мо-хэ-ду" сөзі "Баһадүр" сөзінің қытай тілінде бұрмалауынан шыққан. "Баһадүр" сөзі ежелгі парсы тілінен аударғанда "күннің ұлы", "құдайдың ұлы" дегенді білдіреді. Ежелгі түркі тіліне Ұлы Жібек жолының бойымен тараған манихей діні арқылы енген

Басқаруы

Жаңа қаған Тон қағанды жақтаушылардың көп бөлігінің қарсылығына тап болды. Нушеби тайпалары бірден көтеріліске шықты. Көтеріліс басында Нишу Қана шад тұрды. Күлік Сібір Тан империясымен қатынас жасауға тырысты: елшілік жіберді, тіпті құдандалық ниетінде жасырмаған. Ли Шиминь қағанаттағы жағдайдың тұрақсыз екенін, ішкі қантөгіс салдарынан қаған билігінің әлсірегенін, әрі кімнің болашақ қаған болатыны жайлы білмейтінін айтты. Көп ұзамай Тон қағанның ұлы Ирбис Ышбара Нушебилерге қарай қашты, ал олар оны қаған сайлады. Өзге ақсүйектер де Ирбисты қолдады. 631 жылы Баһадүр қағанды барлық одақтастары сатып кетті, ал оның өзі Алтай тауына қарай қашты, алайда нушебилер оны қуып жетіп, Баһадүр қаған қаза болды.

Тағы қараңыз

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Баһадүр қаған
Діні
Тәңіршілдік
Әкесі
Тардуш қаған (Қара Шұрын Түрік)
Ізашары
Тон қаған
Ізбасары
Сы Жабғу қаған
Қайтыс болуы
631 (0631) Алтай тауы
Дүниеге келуі
белгісіз
Түрік қағанатының билеушілері
Бумын қаған • Қара-Еске қаған • Мұқан қаған • Тобо қаған • Амрак қаған • Елтегін Бұйрық қаған • Баға Ышбара қаған • Жағбу Баға қаған • Тұлан қаған • Тардуш қаға…
Батыс Түрік қағанатының билеушілері
Елтегін Бұйрық қаған • Басыл Тегін қаған • Таман қаған • Шегу қаған • Тон қаған • Баһадүр қаған • Сы Жабғу қаған • Нишу Дулу қаған • Ешбар Елтеріс қаған • Ашина…