Shejire

Бабелян суару-суландыру жүйесі

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бабелян суару-суландыру жүйесі- Панфилов ауданында іле өзенінің суын ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану мақсатымен са­лынған. Негізінен 19 ғасырдың 70 жылдары іске қосылған. 1968 жылы жүйесі кеңейтіліп, 6 мың га-ға де­йін жер суарылады. Жалпы ұзындығы — 42,7 км. Арнаның ішкі беті түгелдей құйматаспен қапталған. Аумағы 10 мың га-дан астам жердегі жүгері, көкөніс, бақша дақылдары мен шабындықтар суарылады. Су өзен арнасынан ылдиға қарай өздігінен ағады,бас қондырғыдан жүйеге секундына 12,5 м3 су құйылады. 67 гидротехникалық құрылысы және бас тоғаны бар.

Дереккөздер