Shejire

Әшімбаев Түймебай

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Түймебай Әшімбаев (20 мамыр 1918, Жаңақоғам ауылы, Әулиеата уезі, Сырдария облысы, Түркістан АСКР, РКФСР — 15 наурыз 1995, Алматы) — ғалым, экономикалық ғылым докторы (1967), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академия (1983), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері (1978). Ысты руынан шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941 — 1945). Соғыс аяқталған жылы “ұлтшыл” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл (1945 — 1951) саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1957). 1958 жылдан Экономика институтынында ғылым қызметкер, ғылым хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болды. Әшімбаевтың ғылым еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жеделдету және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарымы және қор сиымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Әшімбаев — 350-ден астам ғылым еңбектің авторы, олардың 17-сі монография.

Шығармалыры:

Совершенствование экономического механизма стимулирования производительности труда, А.-А., 1988; Экономический потенциал и эффективность его использования, А.-А., 1990; Экономика Казахстана на пути к рынку, А., 1994.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Әшімбаев Түймебай
Туған жері
Жаңақоғам ауылы, Әулиеата уезі, Сырдария облысы, Түркістан АСКР, РКФСР
Туған күні
20 мамыр 1918 (1918-05-20)
Азаматтығы
 КСРО  Қазақстан
Ғылыми аясы
экономика
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Ғылыми атағы
профессор Қазақ КСР ҒА академигі
Ғылыми дәрежесі
Экономика ғылымдарының докторы
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан