Shejire

Артық ата

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Артық ата, Артық төбе – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Сырдарияның сол жағалауында, Балтакөл ауылынан 7,5 км солтүстікте орналасқан.

Тарихи деректер, сипаты

Алғаш 1900 жылы Н.В. Рудаев, 1947 жылы А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Соңғы рет 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы толық зерттеді. Қала орнының батыс және оңтүстік-батыс қабырғалары ұзынша келген төртбұрышты төбе. Үш бөліктен: цитатель, шахристан және рабадтан тұрады. Жалпы көлемі 200 – 220х150 – 170 м, солтүстік-батыс шетінде орналасқан рабадтың көлемі 140х160 м, биіктігі 3 м. Оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан цитатель мен шахристанның биіктігі 9 м, жоғарғы бетіндегі алаңшаның көлемі 30х40 м. Осы бөліктің үш шеті тік келген, солтүстік шеті ғана аласа цитатель мен шахристанға кіретін қақпаның орны осы шетте болған. Қалашықтың үстіңгі қабатынан табылған қыш ыдыстардың сынықтары Қаңлы-Хорезм дәуірінен бастап, Әмір Темір билік құрған кезең мүліктеріне сай келеді. Зерттеушілер арасында Артық ата көне Артук қаласының орны болуы керек деген пікір бар.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
орта ғасыр
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°11′45″ с. е. 67°45′02″ ш. б. / 43.19583° с. е. 67.75056° ш. б. / 43.19583; 67.75056 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы Отырар ауданы