Shejire

Аркук

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Аркук – орта ғасырдан сақталған көне қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылының батысында 2 км-дей, Сырдария өзенінің төмен ағысының батысында 6-7 км жерде орналасқан.

Тарихи деректер

Маңындағы Үзкент, Аққорған сияқты көне қала орнынан табылған ыдыстарға ұқсас қыш ыдыстардың табылуына қарап Аркук XIV-XVIII ғасырлар аралығында болған деген болжам айтылады. XV ғасырдың орта кезінен сақталған деректерде Әбілқайыр хан Аркукта болғандығы айтылса, XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы араб-парсы деректерінде қазақ ханы Бұрындық пен өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің арасындағы осы қала үшін болған соқтығыстары туралы жазылған. Мұхаммед Шайбани ханның хатшысы ибн Рузбехан хан Аркук қаласынан әскеріне азық-түлік жинағандығын жазады. Аркук қаласы Сырдарияның құнарлы жағасында орналасып, егіншілікпен айналысқан маңызды елді мекен болған. Бұл аймақта археология зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич те қала төңірегі егістікке тартылған арық сұлбаларының көптігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар Аркук VI-XII ғасырларда болған деп есептелінетін Артық ата қаласына ұқсастығына назар аударады.

Сілтемелер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

История Республики Казахстан - Казахское ханство во второй ... Мұрағатталған 7 маусымның 2008 жылы. Аркук Государство кочевых узбеков. Этнические компоненты Узбекского улуса Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы.

Дереккөздер

}}

Künye

Қалануы
орта ғасыр
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°12′11″ с. е. 67°45′02″ ш. б. / 43.20306° с. е. 67.75056° ш. б. / 43.20306; 67.75056 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…