Shejire

Ақтайлақ Байғараұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би; 1720-1816) – қазақ халқының атақты шешен биі, батыры, әрі төкпе ақын. Найман тайпасының Сыбан руының Жанкөбек тармағынан шыққан, арғы бабалары атақты әділ билер болған.

Өмірбаяны

Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: "Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескен аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында "Бас ауыл" деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен.

Зираты

Зираты Аягөз ауданының "Ақши" кеңшарының жерінде.

Ұрпақтары

Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай ақын, Кеңсебай ақын, Жарасбай ақын, Сабырбай ақын ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Ақтайлақ Байғараұлы
Атағы
Би, батыр, қолбасшысы
Шайқасы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқас
Мемлекет
Қазақ хандығы
Туған жері
Семей облысының Абай ауданы, Жарма ауданы ортасындағы Құндызды өңірі
Туған күні
1720 (1720)
Қайтыс болған жері
Сол жерде
Қайтыс болған күні
1816 (1816)