Ақмола облысының әкімшілік бөлінісі
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Облыс құрамындағы үш қала - Көкшетау, Қосшы және Степногорск облыстық маңызға ие, 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучинск) аудандық басқару жүйесінде, сондай-ақ мұнда 17 ауылдық аудан бар:
Тарихы
Ақмола облысы 1939 жылы 14 қазанда құрылды. Облыс құрамына Қарағанды облысынан Ақмола қаласы мен Ақмола, Вишнёв, Еркіншілік, Новочеркасск аудандары; Солтүстік Қазақстан облысынан Степняк қаласы мен Арықбалық, Атбасар, Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Калинин, Макин, Молотов, Рузаев, Сталин, Щучье аудандары енді. 16 қазанда Сталин ауданынан бөлініп, Шортанды ауданы құрылды. 1941 жылы Қорғалжын ауданы Қарағанды облысынан Ақмола облысының құрамына өтті. 1944 жылы 16 наурызда жаңадан құрылған Көкшетау облысының құрамына Арықбалық, Еңбекшілдер, Зеренді, Рузаев, Щучье аудандары берілді. 1954 жылы Степняк қаласы Көкшетау облысының құрамына берілді. 1955 жылы Есіл ауданынан Қима және Баранкөл аудандары бөлінді. 1957 жылы Молотов ауданы Балкашин ауданы болып өзгертілді. 1960 жылы 26 желтоқсанда Ақмола облысы таратылып, аумағы тікелей Тың өлкесінің қарамағына өтті. 1961 жылы 24 сәуірде облыс Целиноград атауымен қайта құрылды. 25 қарашада Сталин ауданы Ленин ауданы болып өзгертілді. 1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Алексеев, Астрахан, Атбасар, Балкашин, Державин, Ерментау, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград ауылдық аудандары мен Жолымбет өнеркәсіптік ауданы құрылды. Баранкөл, Вишнёв, Еркіншілік, Калинин, Қима, Ленин, Макин, Новочеркасск, Шортанды аудандары таратылды. 1964 жылы Вишнёв, Макин аудандары қайта құрылып, Жолымбет өнеркәсіптік ауданы таратылды. 1965 жылы 19 қазанда Тың өлкесі таратылды. 1966 жылы Шортанды және Жаңадала аудандары құрылды. 1970 жылы 23 қарашада жаңадан Торғай облысының құрылуына байланысты оған Державин, Есіл, Жақсы, Жаңадала аудандары берілді. 4 желтоқсанда Краснозамен ауданы құрылды. 1973 жылы Маринов, Сілеті аудандары, ал 1977 жылы Теңіз ауданы құрылды. 1985 жылы Теңіз ауданы Қарағанды облысының құрамына берілді. 1988 жылы Маринов ауданы таратылды. 1992 жылы 6 шілдеде Целиноград облысы мен қаласына тарихи атауы Ақмола қайтарылды. 1997 жылы облыста көптеген өзгеріс болды:
28 ақпанда Сілеті ауданы таратылды. 22 сәуірде Торғай облысы таратылып, Державин, Есіл, Жақсы, Жаңадала, Қима аудандары Ақмола облысына берілді. 23 шілдеде Жаңадала, Қима аудандары таратылды. 14 қарашада Алексеев ауданы Ақкөл, Балкашин ауданы Сандықтау, Вишнёв ауданы Аршалы, Державин ауданы Жарқайың, Краснознамен ауданы Егіндікөл, Макин ауданы Бұланды ауданы болып өзгертілді. Ерментау ауданының транскрипциясы Ерейментауға ауыстырылды. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып ресми түрде бекітілді. Соған байланысты қала облыс құрамынан шығарылды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 1999 жылы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысынан Көкшетау қаласы мен Еңбекшілдер, Зеренді, Щучье аудандары берілді. Осыған орай Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетау қаласына көшірілді. 2009 жылы 3 қыркүйекте Щучье ауданы Бурабай ауданы болып өзгертілді. 2017 жылы 13 желтоқсанда Еңбекшілдер ауданына Біржан сал есімі берілді. 2021 жылы 26 шілдеде Қосшы ауылына облыстық маңыздағы қала мәртебесі берілді.
Ақкөл ауданы
7 ауылдық округ пен 1 ауылдық, 1 қалалық әкімдікке 29 елді мекен біріктірілген:
Аршалы ауданы
12 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікке 32 елді мекен біріктірілген:
Астрахан ауданы
11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке 34 елді мекен біріктірілген:
Атбасар ауданы
2 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке 30 елді мекен біріктірілген:
Бурабай ауданы
9 ауылдық округ пен 1 кенттік, 1 қалалық әкімдікке 52 елді мекен біріктірілген:
Бұланды ауданы
1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке 38 елді мекен біріктірілген:
Біржан сал ауданы
5 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке 35 елді мекен біріктірілген:
Егіндікөл ауданы
1 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке 12 елді мекен біріктірілген:
Ерейментау ауданы
3 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке 33 елді мекен біріктірілген:
Есіл ауданы
1 қалалық, 1 кенттік, 1 ауылдық әкімдік пен 12 ауылдық округке 31 елді мекен біріктірілген:
Жақсы ауданы
2 ауылдық әкімдік пен 12 ауылдық округке 25 елді мекен біріктірілген:
Жарқайың ауданы
11 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 5 ауылдық округке 23 елді мекен біріктірілген:
Зеренді ауданы
1 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 20 ауылдық округке 79 елді мекен біріктірілген:
Қорғалжын ауданы
8 ауылдық округке 18 елді мекен біріктірілген:
Сандықтау ауданы
14 ауылдық округке 41 елді мекен біріктірілген:
Целиноград ауданы
2 ауылдық әкімдік пен 16 ауылдық округке 48 елді мекен біріктірілген:
Шортанды ауданы
2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке 29 елді мекен біріктірілген: