Shejire

Алтынтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Алтынтөбе – орта ғасырлардан сақталған қаланың орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазығұрт ауданы, Қаржан ауылының жерінде орналасқан.

Зерттелуі

Алғаш 1982 жылы археолог А.Н. Подушкин зерттеген. Кейін 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Келес археологиялық тобы зерттеу жұмысын жалғастырды.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Алтынтөбе – сыртқы көрінісі төртбұрышты, терең ормен қоршалған биік төбе. Аумағы 180x160 м, биіктігі 13-15 м. Орталық бөлігі (цитадель) төбенің оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Аумағы 70x50 м, биіктігі қалашықтың үстіңгі бетінен есептегенде 4 м. Қаланы айналдыра салынған үлкен қабырғаның құлаған орны анық байқалады. Қақпалары оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста бір-біріне қарамақарсы орналасқан. Төбенің орта ғасырдағы аты белгісіз. Кезінде гүлденген қала болған. Қазба жұмыстары кезінде бірнеше бүтін қыш ыдыстар: екі көзе, екі қақпақ, кіржуғыш және сырланбаған кесе табылды. Алтынтөбе Ұлы Жібек жолының Шаштан Испиджабқа апаратын тармағының бойында орналасқан. Зерттеу кезінде жиналған археологиялық материалдар қаланың X-XVI ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
орта ғасыр
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
41°49′51″ с. е. 69°42′36″ ш. б. / 41.83083° с. е. 69.71000° ш. б. / 41.83083; 69.71000 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…