Алтын дән
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
"Алтын дән" - халықтық ән-би ансамблі. 1976 жылы Талдықорған қаласында индустриалды- педагогикалық техникум жанынан құрылған. Мақсаты: ұмыт бола бастаған халықтың ән-күйлерін жандандырьш, өнер сахнасына шығару. Ансамбльдің құрылуына Г.Баталова ұйытқы болған. Оның репертуарында К.Күмісбековтың "Қорқыт туралы аңыз", Н.Тілендиевтің "Махамбет" поэмалары, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері, И.Чайковскийдің, АХачатурянның сазды әуендері, М.Маңғытаевтың "Ырғақты" күйі, сондай-ақ жергілікті сазгерлердің шығармалары бар. Ансамбль құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Н.Нүсіпжанов, Қазақстанның халық артисі Ә.Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Қазтүрғанова, т.б. өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін шьңдады.