Shejire

Алпысбай Мұсаев

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Алпысбай Мұсаев(3.11.1948 жылы, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде туған) – филология ғылымдарының докторы (2000), профессор (1999). Орал педагогика институтын (1970, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) және аспирантурасын (1982) бітірген. «Орал өңірі» газетінің редакциясында, аудандық комсомол комитетінде (1970–82), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1982–96), ҚазҰУ-да аға ғылыми қызметкер (1996–98) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 1999 жылы «Қазақ прозасындағы сатира мен юмор поэтикасы (1960–1990 жылдар)» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады.

Дереккөздер

Cілтемелер

филология профессор Батыс Қазақстан