Александр Николаевич Сызғанов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Сызғанов Александр Николаевич (17.8.1896, Татарстан, Арск қаласы – 8.10.1980, Алматы) – хирург, медицина ғылымдарының докторы (1936), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1955), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1941).
Жетістіктер
Негізгі ғылыми-зерттеулері жалпы, жеке және операциялық хирургия мәселелеріне арналған. Сызғанов лимфа жүйесі туберкулезін, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйелері ауруларын, эндеметрия бұғақ ауруын хирургиялық жолмен емдеу әдістерін тауып, оларды күнделікті дәрігерлік тәжірибеге енгізді; онкологиялық, бұғақ ауруының ісінуін емдейтін арнайы хирургиялық орталықтар құрды. Оның басшылығымен Қазақстанда хирург-клиниктер ғылыми мектебінің іргесі қаланды, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде респуликалық қан құю станциясы ұйымдастырылып, қан орнына қолдананылатын – КЗК сұйықтығы алынды. Сызғановтың редакциясымен Хирургия орталығының 16 томдық ғылыми еңбегі жарық көрді. 10 монография, 900-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның жетекшілігімен 17 доктор және 73 кандидаттық диссертация қорғалды. 3 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту, 2 “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында бір көше Сызғанов атымен аталады. Қазақ ұлттық медицина университетінде Сызғанов атындағы стипендия тағайындалған.
Шығармалар
О некоторых условиях развития злокачественных опухолей, А.-А., 1970; О лечении гнойных хирургических заболеваний салициловой кислотой, 2 изд., А.-А., 1980; Проблемы хирургии, А.-А., 1984.