Айтхожина Нағима Әбенқызы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Айтхожина Нағима Әбенқызы (22 ақпан 1946 жылы туған, Петропавл — 10 қараша 2020) — молекулалық биология саласындағы кеңестік және қазақстандық маман, биология ғылымының докторы(1990), профессор (1994), ҚР ҰҒА академигі (2003). Нью-Йорк ғылым академиясының тұрақты мүшесі (1994). Ол жоғары ағзалар геномының құрылымдық-функционалды ұйымдастырылуын және оның өрнегін реттеудің молекулалық механизмдерін зерттеумен айналысады. Ғалым, биология ғылымының докторы (1990), профессор (1994), ҚР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
1969 жылы Қазақ Ұлттық Университетін бітірді. Кейін КСРО ҒА молекулалық биология Институтының аспирантурасын бітіреді. 1974 жылы Қазақ КСР ҒА ботаника Институтында алдымен кіші, кейін аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады. 1983-1989 жылдары Қазақ КСР ҒА молекулалық биология Институтында және 1990 жылы М. А. Айтхожина атындағы ҰҒА молекулалық биология және биохимия Институтының директоры болып тағайындалады. 1999-2002 аралығында ҚР ҰҒА президенті болды. Қазіргі таңда, М. А. Айтхожина атындағы ҰҒА молекулалық биология және биохимия Институтын басқарады. Айтхожина — Қазақстандағы молекулалық және медициналық генетика, этно және палеогеномика, ғарыштық биология және биотехнология саласының негізін қалаушы. Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын жасады. Айтхожинаның негізгі ғылыми жұмыстары жоғарғы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Айтхожинаның бастамасы бойынша Қазақстанда биотехнологиялық және ғарыштық биология бойынша мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар құрылды. Айтхожина алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы аумағында Берел қорымы археологиялық қазба жұмыстарының мумифицирленген материалдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізді. Айтхожина бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан т.б.) ғылыми бағдарламалар жасады.
Марапаттары
Парасат ордені (2001) 3 дәрежелі Барыс ордені (2011)
Негізгі ғылыми жұмысы
Ядерные рибонуклеопротеиды, содержащие информационную РНК. Природа 5,- и 3,-концевых последовательностей ядерных РНП частиц. Молекулярная биология. 1979.4 том. Молекулярное клонирование и характеристика отдельных представителей фракции «Relic» ДНК генома Triticumtimopheevii // журн. «Молекулярная биология», т. 2, М., 1988 (автор.). Selective inhibition of the polypeptide chain elongation in eucaryotic cells// BiochimicaetBiophysicaActa. 1992. V. 1129. N. 2. Molecular cloning and characteristics of species — specific repetitive sequences of wheat nuclear DNA // FEBS Lett, 1995.
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Мұрат Әбенұлы Айтхожин
Сілтемелер
Айтхожина, Нагима Абеновна // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. — Т. I. — ISBN 9965-9389-9-7. Указ Президента РК от 10.12.2001 № 737 (недоступная ссылка). Дата обращения 9 ноября 2015. Архивировано 20 января 2016 года. Рабочий график Главы государства Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшелерін сайлау туралы // Қазақстан Республикасы ҰҒА Хабаршысы, 1995, № 5; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы: Энциклопедиялық анықтама, Алматы, 1996 ж.