Shejire

Айтбай Демікпеұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Айтбай Демікпеұлы (Қарқаралы уезіне қарасты Егіндібұлақ болысы 1830 – сол жерде 1916) – халық әншісі, сазгер, төкпе ақын.

Өмірбаяны

Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике-Шаншар бөлімінен шыққан. Әншілік, ақындық өнері, композиторлық таланты Орталық Қазақстанға кең танылған. «Раушан», «Перизат», «Хәлләм» т. б. әндері бар. Айтбай әңдері лирикалық сыршыл сазды келеді. Оның Ғаббас, Усайын, Қадыс, Мұқан деген балалары да шетінен әнші-өнерпаз болған. Айтбайдың әншілік-орындаушылық өнері балаларына, сол маңның әншілеріне кезінде елеулі әсер еткен. А.В. Затаевич Айтбай әндерін оның әнші балалары Ғаббас, Қадыс, Мұқан, Усайындардан жазып алды. «Раушанды» Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсында қолданды.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Айтбай Демікпеұлы
Аспабы
домбыра
Туған жері
Қарқаралы уезіне қарасты Егіндібұлақ болысы
Туған күні
1830 (1830)
Мамандықтары
акын, сазгер, композитор
Қайтыс болған күні
1916 (1916)
Туған кездегі есімі
Айтбай Демікпеұлы