Shejire

Әйкел

GelenekGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әйкел — күміс ақша немесе асыл тастармен безелген, зерделі барқыттан тігіліп, қыздардың кеудесіне ілінетін алқа тәрізді бұйым. Әйкел сол иықтың үстіне түсіп, оң қолтықтың астынан түймеленеді. “Қамбар батыр” жырының кейбір варианттарында “әйкел-тұрман” немесе “аяр-тұрман” деп келеді. Бұлар — екі түрлі айтылғанымен, бір заттың атауы. Өзбектерде хайкал – мойынға тағатын әшекей зат, қарақалпақтарда хайкел – әйелдердің көкірегіне тағатын металдан жасалған сәндік бұйым, Заравшан тәжіктерінде әйкел тіл-көз тимейді деген түсінік бойынша адам мен үй жануарларына тағылған тұмар. Тәжіктер Құран сүрелерінен үзінді жазылған ұағазды үшбұрыш былғарының не матаның ішіне салып тігіп, оны оң қолына не киімнің оң жағына кейде құлаққа тағып жүрген. Ертеректе қазақтар әйкелді тіл-көз тимесін деп қадірлейтін малына, әсіресе, жүйрік аттардың мойнына, маңдайына таққан. Оны әйкел-тұрман деп атаған.

Дереккөздер