Shejire

Ахметбек Байсалбайұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ахметбек Байсалбайұлы (1878 жылы қазіргі Бұқар жырау (бұрынғы Тельман) ауданы Қызылқайың /Березняки/ ауылында дүниеге келген. ) — белгілі Қазақстан ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Жастайынан өлең шығарумен әуестенген, өз шығармаларында халықты отаршылыққа, егіншілікке үгіттеген. өзінің қонысына ағаш еккен, бұл шоқ тоғайлы жер Ахметбектің қызыл қайыңы деп аталады. Жастарды өнерге, білімге баулыған, кітапхана ашқан. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында сол өңірдегі Байдәулет болысының төрағасы болады. Ахметбек халық ауызынан көп құнды әдеби мұра жинаған. "Қанды жорық" дастанында отызыншы жылдардың басында ел ішіне ылаң салып, ашаршылыққа душар еткен асыра сілтеушілерді өлтіре сынайды. Сол үшін жазықсыз айыпталады. 1966 жылы толық ақталады. Қарағанды облысында Ахметбек есімімен әк тас кен орны аталады.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri