Shejire

Абыл Өтембетұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Абыл Өтембетұлы - (1777, Маңқыстау - 1864, сонда, Қаратөбе) - қазақ ақыны, импровизатор. Әкесі Өтембет кедей шаруа болған. Абыл Өтембетұлы Атырау, Қарақалпақ,Түркіменстан елдерін аралап, өнерпаздармен кездескен. Өлеңдері ауызша тараған. Алғаш баспа бетін көрген өлеңі - "Арғымақ атта сын болмас" (1924). Шығармаларының негізгі арқауы - адамгершілік, ел қамын көксеу ("Сексеннің біз де келдік жетеуіне", "Отырған қарсы алдымда Қанымайым", "Қар жауар күн-түн оның қабағынан"). Ол Хиуа ханы Аллақұл басқыншылығына қарсы ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді тебірене жыр еткен ("Сүйінқараны жоқтау", "Құлбарақ батырға"). Бірсыпыра толғаулары хан, сүлтандарды әшкерелеуге арналған. "Арғымақ атта сын болмас", "Естірту", т.б. терме, толғаулары көркем, ақыл, нақыл, насихатқа құрылған. Абыл Өтембетұлы - айтыстың да шебері. ("Балдай қызбен айтысы", "Сушы қызбен сөз жарыстыру", "Нұрымды сынауы", "Шерниязбен кездесуі"), ерлік дастадарын да ("Қырымың қырық батыры" т.б.) дамыта жырлап таратқан.

Дереккөздер

“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Абыл Өтембетұлы
Ұлты
қазақ
Әкесі
Өтембет, кедей шаруа
Қызметі
ақын, импровизатор
Туған күні
1777 (1777)
Азаматтығы
 Қазақстан
Қайтыс болған жері
Қаратөбе
Қайтыс болған күні
1864 (1864)