Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Әбілманат Әмірханұлы Әлімбаев(1942, Қарағанды облысы – 2005) – философия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік мәдениет институтын бітірген (1971). Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, 1992–2002 жылы Қарағанды педагогикалық институты мен Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 2003 жылы Қарағанды экономика университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері жастардың сана-сезімі, ұлт пен діннің консолидациясы, қазақтардың діншілдік ерекшеліктері, аймақтық әлеуметтік құрылымның өзгеру мәселелеріне арналған.