Shejire

Әбіл Мұратов

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әбіл Мұратов (29.12.1934 жылы, Батыс Қазақстан облысы [[Бөкей ордасы ауданыъъ Лабай ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1957, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Атырау облысы Құрманғазы ауданы«Сүйіндік» ауылында бас механик (1957–65), Қазақ КСР-і КП Алматы облысы партия комитетінде нұсқаушы (1965–66), Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Алматы бөлімшесінде доцент (1966–68), Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтының Алматы бөлімшесінде (1969–76), Алматы темір жол көлігі инженерлері институтында (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) доцент (1976–82) қызметтерін атқарды. 1982 жылдан осы институтта кафедра меңгерушісі. «Синтез многофункциональных механизмов высоких классов» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері машиналар мен механизмдердің жалпы теориясын зерттеуге арналған. 300-ге жуық ғыл. жарияланымның, 2 монография мен оқу құралдарының авторы. «Лениннің 100 жылдығы» орденімен (1966) марапатталған.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

техника Құрманғазы партия комитеті