Абайтану - библиографиялық көрсеткіш
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
«Абайтану», библиографиялық көрсеткіш . 1988 жылы «Ғылым» баспасынада жарық көрген. Құрастырған М. Мырзахметұлы. Абай Құнанбаевтың туғанына 140 жыл толуына байланысты жасалған. Көрсеткіште 1889-1985 жылы аралығында ақынның мұрасы туралы жазылған материалдар қазақ және орыс тілдерінде екі бөлімге жіктеп берілген. Табуға оңай болу үшін олар 60-тан астам тақырыпқа бөлінген. Көрсеткіште Әуезовтің Абай туралы жазған еңбектерінің толық библиографиясымен бірге, ұлы жазушы жөнінде жазылған мақалалардың да тізімі арнайы тарауда берілген. Көлемі 13,46 баспа табақ, таралымы 1990 дана.