28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ — Алматы қаласындағы басты саябақтардың бірі. Саябақтың аумағы Қонаев, Гоголь, Зенков және Қазыбек би көшелерімен шектелген. Мұнда қарағаш, көктерек, емен, жөке, үйеңкі, терек, қарағай, шырша ағаштары өседі.
Тарихы
Саябақ XIX ғасырдың жетпісінші жылдары ескі зираттың аумағында құрылды. ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде парк «Пушкин бағы», «Құлаған әскерлер паркі», «Ленин атындағы парк», «Губкомпомарм бағы», «1 мамыр қоғамдық паркі», «Кеңес республикалары федерациясының паркі» секілді атауларға ие болды. Қазіргі атын 1942 жылы иеленді. Бұл атау Ұлы Отан соғысында 28 гвардияшы-панфиловшылар жасаған ерлігі құрметіне қойылған. Саябақтың ортасында православиелік кафедралды собордың ғимараты (1904-1907) тұр. Ол сәулетші Андрей Зенковтың жобасымен құрылған. Шіркеу ағаштан жасалған. 1975 жылы Жеңістің 30-жылдығына орай мұнда Даңқ мемориалы орнатылды. Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайын соғыстан шейіт болған майдандастарын еске алу үшін осы жерге жиналады.
Ғимараттар
Вознесенск шіркеуі Музыка аспаптары мұражайы Офицерлер үйі
Ескерткіштер

Даңқ мемориалы Генерал Панфилов ескерткіші Тоқаш Бокинге ескерткіш Бауыржан Момышұлы ескерткіші Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш
Дереккөздер







