Зұқай Шәрбақынұлы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Зұқай Шәрбақынұлы (23 сәуір 1941, Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия – 4 сәуір 2026) — моңғолиялық және қазақстандық ақын мен жазушы, Моңғолия (1975) мен Қазақстан (1993) Жазушылар одағының мүшесі.
Өмірбаяны
1941 жылы (кей деректерде 1940 жылы) Шәрбақынұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ол Ұланбатыр қаласындағы Моңғол мемлекеттік педагогикалық институты мен Партия жоғары мектебін тәмамдаған. Шәрбақынұлы еңбек жолын Моңғолияның батыс бөлігіндегі қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында бастап, спорт және әкімшілік салаларында жауапты қызметтер атқарды. 1992 жылы тарихи Отаны, Қазақстанға, қоныс аударды. Оралғаннан кейін совхоз директорының орынбасары, Ақмола облыстық көші-қон басқармасында аға маман болып қызмет істеді. Шәрбақынұлы 2026 жылғы 4 сәуірде қайтыс болды.
Шығармашылығы
Зұқай Шәрбақынұлы 1960 жылдардан бастап әдебиет айдынына шықты. Ол — өлең, дастан, толғау, поэма, тарихи хикаялар мен ғұмырнамалық шығармалар жазып, оқырманға 20-дан астам кітап сыйлаған автор.
Моңғолияда жарық көрген жинақтары (1970–1990)
«Көкпар» «Ақ жаңбыр» «Сыр маржандары» «Көңілдің көкжиегі» «Жайлау сазы»
Қазақстанда жарық көрген еңбектері (1990–2026)
Шәрбақынұлының прозалық кітаптары қатарында:
«Киелі қанның тамшысы» «Нар тұлға» «Бедерлі ғұмыр» «Қияда түлеген қыран» «Қойтасты қойнауы жасырған сыр» болса, Поэзиялық жинақтары арасында
«Айбыным — Атамекенім» «Аспан асты — кең мекен» «Тылсым тірлік тағылымы» «Өмірдің өң бедері» «Қарт жүректің алауы» болды.
Жетістіктері
Автор ел көлемінде өткен көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері атанған.
Дереккөздер
Сыртқы сiлтемелер
«Аспан асты – кең мекен» кiтабын жүктеп алу