Зороба
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Зороба– Қалдығайты өзенінің аңғарындағы жайлау. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сәуле ауылының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Маңында (Расбай, тағы басқа) бірнеше жайлаулармен бірге, Келдібай, Жарықбас, Байқыз қыстаулары бар. Қалдығайты өзенінің алабы мен Сұлукөл көлінің жағалауы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.