Shejire

Жылысай тас мүсіндері

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жылысай тас мүсіндері – Қарағанды облысындағы Түркі қағанаты (6 – 8 ғ-лар) мен Дешті Қыпшақ (8 – 13 ғ-лар) заманынан сақталған ескерткіштер, мүсін тастар тобы.

Түркі қағанаты кезеңіне жататын мүсіндер тас қоршаудың шығыс жақ іргесінде, беті шығысқа қаратыла орнатылған. Жылысай тас мүсіндерінің өлшемі 6х6 м, 5х5 м, 2х2 м болып келеді. Жылысайдағы тас қоршаулардың жалпы саны 8, олардың әрқайсысының шығыс іргесінде бір-бір мүсін тастар болған. Оның 3-уі қираған. Бізге жеткен 5 мүсіннің 2-уі егде адамды, екеуі жас жеткіншекті, өте тұрпайы жасалған соңғы мүсін орта жастағы әйелді бейнелейді. Бұл тас мүсін нәрестелердің қорғаушысы саналған Ұмайдың бейнесі болуға тиіс.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Едіге тауындағы тас мүсіндер