Shejire

Жылқышы Ақтайұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жылқышы Ақтайұлы (1820, Қытай, Алтай өлкесі – 1890, сонда) – Қытай қазақтары арасынан шыққан қоғам қайраткері, шешен. Абақ Керейдің бақат руының үкірдайы болған. Қытай өкіметінің “гауҺар тас” белгісімен марапатталған. Асылбек Көбешұлымен бірге Қытай өкіметінің Қобда қазақтарынан заңсыз салық төлеуді талап еткен қатаң саясатына қарсы шығады. Ж. өз ауылын бастап Қобда асып, Дайын, Сүңгіті, Ақсу, Жаматыны қоныстанады. Бұл өңірде күні бүгінге дейін оның есімімен байланысты “Жылқышы асуы”, “Жылқышы хүрэн” аталатын жер атаулары кездеседі.

Дереккөздер

Место в родословной