Жүзжасар Ақылұлы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Жүзжасар Ақылұлы (туған-өлген жылдары белгісіз) — би. Қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданы маңында дүниеге келген. Жетіру құрамындағы Табын руынан шыққан. Тапқырлығы, шешендігі аңызға айналып, есімі халық жадында сақталған. Бұланты - Білеуті шайқасында мерт болған Сәрке батырдың денесін туған өлкесіне, Қорқыт ата қорымына арулап жерлеп, батырдың аруағына арнап ас берген. Жүзжасар бидің ел бірлігін сақтауға қосқан еңбегі туралы халық ақыны Ш.Жұбанұлы: “...Текеде Жүзжасар би, Тұржан ақын, Ерлердің атамайын қалайша атын...”, - деп жырлаған.