Жөңкей алаңы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Жөңкей алаңы - тарихи мекен. Ол 1640-1723 ж. жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен танылған Жөңкей батырдың есімімен аталған. Қапал (Жамбыл облысы)ның шығыс жағында орналасқан. Есім хан заманында қазақтар мен қара қытайлардың шайқасы осында өткен. Қабанбай батырдың жоңғарлармен соғысқан (1718-19) жері де осы алаң көрінеді. Жөңкей алаңы ауылында көне зираттар мен қорғандар көп. Алаңның ортасында Қарлұқ ұлысының билеушісі, колбасшысы - Арслан ханның зираты орналасқан.