Shejire

Жиделібайсын

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Жиделібайсын — қазақ фольклорында (“Алпамыс батыр” жырында, Асан қайғы Сәбитұлы туралы аңыздарда, т.б.) жиі кездесетін берекелі, қасиетті, құтты мекен. 16 ғ-да Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Жиделібайсын қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың “Алпамыс батыр” жырында эпикалық түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болды.

Дереккөздер