Жетіқоңыр
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жетіқоңыр – Бетпақдаланың батысындағы құмды алқап.
Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде, Сарысу өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 280 – 300 м биіктікте жатыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-ге созылған, енді жері 20 км, аумағы 825 км2. Жетіқоңырдың жер бедері қырқалы-төбешікті, кейбір жерлерінде шағылдар (биіктігі 10 м-ге дейін) кездеседі. Ежелгі Сарысу өзенінің орта төрттік шөгінділерінен түзілген. Тұщы грунт суы жер бетіне таяу жатыр.
Өсімдігі
Сортаңды құмды топырағында еркек шөп, теріскен, жусан, жүзгін басым әр түрлі шөптесіндер өскен. Жетіқоңыр өңірі жыл бойына жайылым ретінде пайдаланылады.