Жетен батыр
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Жетен батыр (1817, Матай тауы – 1910, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылы) — жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батырлардың бірі, қолбасшы. Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Матай руынан. Ердің құнын, елдің дауын екі ауыз сөзбен шеше білген шешендігімен Жетеннің даңқы өзі өмір сүрген тұста бүкіл ұлы жүзге жайылып, "Жетісудың Жетені" деген атқа ие болған. Ел аузындагы өңтімелерге қарағанда Жетен Баяс асуы, Текенің сазында қалмақтармен болған ұрыстарда жасақтардың қимылын ұйымдастырып, басқаруда тапқырлық танытқан. Қапал, Үшқоңыр, Аламан, Матай маңындағы шайқастарда ерекше ерлік көрсеткен. Жетен ата қонысы жаудан тазартылған соң ауылаймагымен көшіп келіп, Райымбек ауданындағы Қулық тауын мекен еткен. 93 жасында дүниеден өткен Жетен Кеген өзенінің бойындағы Жалаулы ауылы жерленген. Соңғы жылдары Жетен басына еңселі күмбез орнатынып, Жалаулы ауылындағы ен үлкен көшеге есімі берілді.