Shejire

Жартытөбе

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жартытөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 0,5 км оңтүстікте.

Деректер

1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекші К. Ақышев, К. Байпақов) зерттеген. Қазіргі орны биіктігі 6,5 м төбе. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Төбе үстінен шамамен I-VIII ғасырларға жататын қыш ыдыстар сынықтары табылған. Төбені X-XII ғасырларда салынған канал бұзып өтеді. Алынған заттар Жартытөбе тұрғындары егін егіп, мал өсіргендігінен хабар береді.

Дереккөздер