Жақсыкелді Тұсұпқанұлы Назбиев
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Жақсыкелді Тұсұпқанұлы Назбиев (2. 3. 1953 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Шағанатты ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1990). Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1980). 1980 жылдан Өскемен құрылыс-жол институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, қазіргі кезде Д. М. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Профессор Ә. Жүнісбековтың жетекшілігімен "Қазақ тілінің буын құрамы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Шығармалары:
Қазақ тілінің буын құрамы. КДА., А., 1990; Сингармонические сегменты в казахском языке. А., 1997; Методические разработки пo организации занятий пo русскому языку в условях взаимосвязонного обучения видам Р. Д. Усть-Каменогорск, 1989; Мамандық тану пәніне арналған методикалық нұсқаулардың І-бөлімі. Өскемен, 1993.