Shejire

Жақия Исатайұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жақия Исатайұлы (1811 жылы туған – өлген жылы белгісіз) — батыр. 1836–1838 жылдары Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының баласы. Әкесі басшылық жасаған көтеріліске қатысып, көтерілістің ауыр жағдайларында өзінің батырлығымен, тапқырлығымен көзге түскен. Соңына ерген сарбаздарымен арнайы тапсырмаларды орындауда шеберлік танытқан. Махамбет Өтемісұлы өлеңіндегі: “Баласы Исатайдың Жақия-ды, Жақия жауды көрсе ақияды” деген шумақтар оның осы ер мінезінен туындаса керек. Көтерілістің орта кезінде (24.12.1837) Жайықтың шығыс бетінде қапыда жау қолына түскен Жақияны орыстың әскери соты 250 солдат арасынан 3 рет өткізіп дүре соқтырады да, шала-жансар батырды Финляндияға жер аударады. Сол кеткеннен Жақия елге қайтып оралмайды.

Дереккөздер

Место в родословной