Shejire

Жақан Жамбылұлы Молдабеков

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жақан Жамбылұлы Молдабеков (1943 жылы 6 қараша, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қостұра ауылында туған) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ҚР Әлеуметтік ғылымы (1995), Орта Азия және Қазақстандағы Халық медицинасы (2006) академияларының академигі. Мәскеу мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1973) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аға оқытушы, доцент (1973–85), Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1985–95), ҚазМУ-да декан (1995–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан осы университеттің мәдени антропология кафедрасының профессор тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 500-ге жуық ғылыми жарияланымның, 15 монография мен оқу-құралдарының авторы.

Дереккөздер

Сілтемелер

Мәдени антропология кафедрасы Мұрағатталған 16 маусымның 2017 жылы.