Shejire

Жаңалық Ниязұлы Әбдірахманов

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Жаңалық Ниязұлы Әбдірахманов(7.11.1935 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Кеңтоғай ауылы - 22.03.2004 жыл, Алматы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1994). Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан.

Алматы медицина институтын бітірген (1959). Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы аурухана меңгерушісі (1959 — 61) Қазақстан өлкелік патология институтының (қазіргі Эпидемиология, микробиология ғылыми-зерттеу орталығы) аспиранты (1961 — 64) Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері (1964 —75), Алматы медицина институтының доценті, кафедра меңгерушісі (1975 — 90) болды. 1990 жылдан Қазақонкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Ғылыми еңбектері

Әбдірахмановтың негізгі зерттеу жұмыстары

обыр ауруларын сәулемен емдеу тәсілдеріне радиацияның зақымдаушы әсерінен қорғайтын дәрілер пайдалануға организмнің радиацияға бейімделушілігін зерттеуге арналған. Әбдірахманов өңеш рагімен ауыратын науқастарды радиациялық сәулемен емдеу арқылы, олардың өмірін ұзартуға болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Детская онкологическая радиология. – Алматы, 1991. (тең автор). Лучевая терапия рака пищевода. – Алматы, 1993. Современные аспекты терапии рака пищевода. – Алматы, 1997. (тең автор).

Дереккөздер

Место в родословной