Жайық-Каспий теңіз каналы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Жайық-Каспий теңіз каналы - Жайықтың атыраулық бөлігіндегі су жолы. Атырау облысы жерінде. Жалпы ұзындығы 56 км, оның 20 км-дейі Каспий теңізінің солтүстік таяз бөлігімен өтеді. Орташа тереңдігі 4,4 м, ені 90 м. Атырау қаласына теңіз кемесінің еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жағасында Тасқала, Жаңаталап, Атырау, Дамба елді мекендері орналасқан.