Shejire

Жайтөбе (қала орны)

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Жайтөбе қалашығы (VII-XII ғғ.) – ерте ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Төрткүл ауылының солтүстік шетінде, Қарасу өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1984, 1986 жылдарында Қазақстан ҒА Тарихи және мәдени есқерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеді. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеген. Өзеннің мүйісінде орналасқан қаланың сақталған бөлігі – жобасында таға тұрпатты. Тағаның ұзындығы – 150 м, ені 20-дан 30 м-ге дейін жетеді. Оңтүстік бағытта 0,5-0,7 м жерден бір кездері қаланың орталық бөлігін қоршап тұрған ұзын қабырғаның бөлігі аңғарылады. Қаланың 3-тен 2-сін өзен шайып кетсе, қалған бөлігінде зират орналасқан. Жайтөбе орнынан құм тостаған, табақша, көзе, т.б. асханалық бұйымдар сынықтары жинастырылған. Табылған материалдарға қарағанда, Жайтөбені тұрғындар VII-XII ғасырларда мекен етіп, егін және мал шаруашылығымен айналысқан деуге болады.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Сведения

Қалануы
VII-XII ғасырлар.
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
Орналасуы
43°08′49″ с. е. 71°24′19″ ш. б. / 43.14694° с. е. 71.40528° ш. б. / 43.14694; 71.40528 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…