Shejire

Заготскот (ШҚО, Зайсан ауданы)

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы қыстау. Аудандағы Қарабұлақ ауылынан солтүстікке қарай 13 км жерде, Тоқай өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жер бедері тегіс жазық келген. Аллювий шөгінділерінен түзілген жер қыртысында қызғылт қоңыр, құмдақты қоңыр топырағында бұта, ши аралас сұлыбас, қылқанбоз, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Суы мол, шөбі шүйгін Заготскот қыстауы мал жайылымына қолайлы.

Дереккөздер