Shejire

Ушилу

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Ушилу (т. ж. б. – б.з.б. 102) – ғұн тәңірқұты (б.з.б. 105 – 102). Увей тәңірқұттың баласы әрі мұрагері. Ол таққа отырғаннан кейін қол астындағылардың ішіндегі Қытайды қолдайтындардың қастандық жасамақ ойларын біліп қалып, барлығын өлтірді. Келесі жылы қытайшылдарды қолдау үшін жіберілген По-ну бастаған 20 мыңдық қытай әскерін Сюньги тауында (Бэйшанда) қоршап алып, берілуге мәжбүр етті. Ушилу осыдан кейін қарсы шабуылға шықты. Әскердің бір бөлігі Шеусячен бекінісін қоршайды, бірақ ғұндар қамалды алуды меңгермегендіктен көп ұзамай шегініп кетті. Әскердің екінші бөлігі Қытайдың шекаралық аудандарын тонап, еш кедергісіз елдеріне қайтты. Ушилу Шеусячен бекінісін жойып жіберуге дайындалғанымен, көп ұзамай қайтыс болды.

Источник: https://kk.wikipedia.org/wiki/Ушилу

Этот текст адаптирован из указанного источника и используется по лицензии CC BY-SA.

Место в родословной