Үшарал суару жүйесі
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Үшарал суару жүйесі, Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзені негізінде салынып, 1975 ж. пайдалануға берілген. Үшарал қаласынан (15 км жерде) солтүстік-шығысқа қарай Тентек өзеннің таудан шығар маңында орналасқан. Бас су тарту каналы өзеннің оң жағында. Жүйе 40 мың га жерді сумен қамтиды. Бас каналдың Ынталы ауылы маңындағы су өткізу мүмкіндігі 30 м3/с.